Әйелді осылай жаратыпты-мыс...
Қызық, Интернеттен қазақ басылымдарын шарлап жүріп, көзім мынаны шалып қалды. Бірге оқылық.
«Айта берсем мысал көп. Оның бәрі де күнделікті өмірде өте көп қайталанып жатыр. Мен тек мынаны айтайын. Мұхтар Шахановтың «Жазагер жады» атты шығармасында Шыңғысханның әкесі Есукей айтты деген мынадай бір тұжырым бар. Алла-тағала еркектің қабырғасынан әйел жасарда оған қандай мінез берерін білмей көп ойланыпты. Осы кезде Аллаға жылан келіп, өзінің жаратылысын өзгертуді сұрайды. Алла оның тілегін қабыл қылмайды, бірақ жаңа жасап жатқан жаратылысына көпқырлы, айтып болмайтын мінез керектігін түсініпті.
Сонымен Алла бір түтікше ішіне: 1. Ыстық күннің шуағын. 2. Бұлақтың тазалығын. 3. Гүлдің сұлулығы мен нәзіктігін. 4. Күздің жомарттығын. 5. Түнгі көбелектің сүйіп қалғыштығын. 6. Аққудың адалдығын. 7. Хамелеонның өзгергіштігін. 8. Желдің тұрақсыздығын. 9. Бұлттың жылауықтығын. 10. Сиырдың көнбістігін. 11. Есектің бірбеткейлігін. 12. Қарғаның сөзшеңдігін. 13. Түлкінің қулығын. 14. Жыланның ызақорлығы мен кекшілдігін. 15. Иттің үргендігін. 16. Шошқаның қорсылын қосып, әйелдің мінезін жаратыпты. Осы жаратқанын Алла-тағала еркектің қолына бере тұрып оған кеңес береді. «Ақылды, әрі сақ бол. Мұнда сенің бақытың, әрі өлшенбейтін қайғың бар. Осында сенің арқасүйерің және осында сенің апатың бар.
Егер сен өз әйеліңді игере алмасаң, онда оның әрекетінде жағымсыз нәрселер көбейіп кетеді. Есте сақта, ер адамның мүмкіндігі оның күшінде және басқару әдісінде. Осыларды жоғалтсаң, әйел алдында толық жеңілгенің», – депті. Қалай дәл айтылған десеңізші!»
Авторы — Әлібек ТУРАБЕКОВ.
«Қазақстан» ауылы,
Сарыағаш ауданы.
Сілтемесі мұнда